Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Жексенбі, 20 сәуiр, 06:23

Аудандық жедел штаб отырысы өтті

27.02.2025

236

0

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтың төрағалығымен аудандық жедел штаб отырысы өтті. Жиын барысында екі мәселе қаралып, тиісті сала басшысының хабарламасы тыңдалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Қармақшы аудандық бөлімшесінің басшысы Дәулет Қожақұлов баяндама жасап, Жалағаш аудандық жедел штабының жедел топ жетекшілері мен мүшелерінің терроризмге қарсы күрес бағытында нормативтік құқықтық актілердің, функционалдық міндеттерін және террористік қауіп төнген жағдайда атқаратын алғашқы іс-әрекеттері бойынша бағыт-бағдар беру мәселелеріне тоқталды.

Сонымен бірге командалық-штабтық оқу-жаттығу нәтижесі бойынша төмен нәтиже көрсеткен топ жетекшілерінің жұмыстары тыңдалды.

Аудандық жедел штаб отырысында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов терроризмге қарсы орталығының ұсынымдары мен хаттамалық шешімдері, салалық бағдарламалар мен жоспарлар, терроризмге қарсы комиссия отырыстарының хаттамалары мерзімінде және уақытылы орындалуы қажетті екенін мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: