Үстел теннисі орталығының мәжіліс залында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев басқармаға қарасты спорт мектеп директорларының қатысуымен жиналыс өткізді.
Жиында осы айда өткен мерекелік іс-шараларға қатысты кемшіліктер талқыланып, сәуір айында өтетін маңызды спорттық шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру керектігі айтылды.
Сәйкесінше, 31 наурыз-4 сәуір аралығында республикалық веложарыс, 17-20 сәуір аралығында Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир, 20-27 сәуір аралығында бокстан ҚР VI Жастар ойыны өтеді. Сонымен қатар, өңірде республика көлемінде спорт саласының қызметкерлері қатысатын біліктілікті жоғарлатуға арналған оқу апталығы ұйымдастырылмақ.
Осыған орай, басқарма басшысы барлық мектеп директорларына жоғарыда аталған маңызды іс-шараларды кемшіліксіз өткізіп, бөлініске сәйкес жұмыс талабын күшейту керектігін ескертті.
Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өтетін сенбілікке қатысу белсенділігін күшейтуді тапсырды.
Жиын соңында директорлар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, жұмыс жоспары нақтыланды.
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!