Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Сенбі, 27 сәуiр, 12:36

Балалар ораза ұстауы керек пе? Министр жауап берді

18.03.2024

534

0

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалар неше жастан бастап ораза ұстау керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жалпы бала тез өседі. Ол энергиясын тез жұмсайды. Себебі, балада зат алмасу процесі жоғары. Сондықтан ол осы энергияны уақытында толтыруы керек. Мұны әрбір ата-ана түсінуі шарт.

Баланың уақытында және сапалы тамақтануы оның болашақта денсаулығына және адам ретінде дамуы өте маңызды», – деді Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында.

Министрдің пікірінше, балалар 17 жастан бастап ораза ұстағаны дұрыс.

«Менің ойымша, мұнда баланың жасына байланысты. Әрбір ата-ана баласына (ораза ұстауға) рұқсат етсе, бұл – оның шешімі. Мен белгілі бір жасқа дейін бала дұрыс тамақтануы керек деп ойлаймын.Менің ойымша, 16-17 жаста (ораза ұстауы керек)», – деді ол.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: