Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:29

Бас бапкер Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жеребесіне қатысты пікір білдірді

10.10.2022

280

0

Кеше Германияда 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы «H» тобына түсті. Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жеребесіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

«Қарсыластарды қиын деп айтуға болады. Бүгінде оңай қарсылас жоқ. Өте мықты топқа түстік деп ойлаймын. Нақты көшбасшы жоқ. Дегенмен, Дания құрамасы даму жолына шықты. Олардың жас ойыншыларының деңгейі өте жоғары. Дат футболшылары топтың фавориті болады», деді бас бапкер.

Магомед Адиев алдағы кездесулерге дайындыққа кірісетінін де жеткізді.

«Қарсыластар туралы мәліметтерді біртіндеп жинай бастаймыз. Бізді қиын қарсыластармен қызықты ойындар күтіп тұр. Бәсекеге төтеп беруге тырысамыз», деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы «H» тобына Дания, Финляндия, Словения, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино құрамаларымен түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: