Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:16

Бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары қорытындыланды

10.08.2023

511

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Жаңаталап ауылдық округі», «Аққыр ауылдық округі», «Мақпалкөл ауылдық округі» бастауыш партия ұйымдары 2021-2022 жылдардағы атқарған жұмыстары туралы партияластар алдында есеп берді.

Есеп-беру сайлау жиналысына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, партия филиалының Саяси кеңес мүшесі Қаншагүл Мұстафаева Шоңмұрынқызы және аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Ахетов Қуат Адисұлы қатысты.

Аталған бастауыш партия ұйымдары партиялық жобалар аясында жұмыстарын айтып, нысаналы трансферт есебінен атқарылар жұмыстарына тоқталып өтті.

Жиын барысында Қаншагүл Мұстафаева партиялық бағдарламалар мен реформалар жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, партияның аудандық филиалының атқарған жұмыстары мен сайлауалды бағдарламаның орындалуы туралы тілге тиек етті.

Бүгінгі бастауыш партия ұйымдарының күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қаралып, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен орынбасарлары сайланып, аудандық партия филиалының кезекті XХХVІІ (37) конференциясына делегаттар сайланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: