Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Бейсенбі, 14 қараша, 07:22

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

09.08.2023

567

0

«AMANAT» партиясының жұмысы жылдан жылға дамып, қоғам тынысындағы күрмеуі қиын мәселелердің оң шешімін табуына өз ықпалын тигізіп келуде. Партияның жүктеген міндеттері мен партия беделін көтеру мақсатындағы жұмыстары аудандық партия филиалының «Аққұм ауылдық округі» бастауыш партия ұйымы үздіксіз жүргізіп келеді. Сонымен қатар, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Жастар Отанға», «Халыққа көмек» партиялық жобалары аясында көлемді тындырымды жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгінгі өткен жиналыста «Аққұм ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлжайна Айтжанова айтып өтті.

Қазіргі таңда Республика бойынша «AMANAT» партиясының есеп-беру сайлау жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жиын Жалағаш аудандық партия филиалының «Аққұм ауылдық округі» бастауыш партия ұйымында жалғасып, 2021-2022 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Атап айтар болсақ, осы кезеңдер аралығында партиялық жобалар аясында 50-ге жуық шаралар, 20-дан аса қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 48 тұрғынның мәселесі тыңдалды. Нысаналы трансферт есебінен «Балаларды мектепке даярлайық»! акциясы дәстүрлі түрде өтуде.

Күн тәрбіне қойылған мәселелер қаралап, «Аққұм ауылдық округі» БПҰ төрағасы болып партия мүшелерінің қолдауымен Гүлжайна Айтжанова сайланды.

Айтжанова Гүлжайна Айтжанқызы – Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты. 2021-2022 жылдары аудандық партия филиалы жанындағы «Әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі қоғамдық кеңесті жетекшілік етіп, аудан бойынша әлеуметтік мәселелердің шешілуіне үлес қосты. Қазіргі таңда аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: