Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 20:52

Білімді жастарға жол ашылмақ

05.09.2023

2403

0

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі негізгі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында адамдарға бағдарламалардың сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру, демократия қағидатын ілгерілету және мемлекеттік қызмет саласының одан әрі дамытуға бағытталған тиісті жұмыстарды үздіксіз атқарып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының мемлекетік қызметшілердің қызметтік әдеп нормасының сақталуын, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асыру жүктелген уәкілетті орган.

Жоғарыда аталған ауқымды міндеттер кешені аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, пікір алмасу мақсатында Қа­зақ­стан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бо­йынша департаменті басшысы, әдеп жө­ніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Менда­лиев ауданға іс-сапармен келіп, мемлекеттік қызметшілермен жолықты. Кеңеске кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, республикалық және облыстық мемлекеттік органдардың бөлімше басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.


Жиын барысында аудан әкімінің мін­детін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов жалпы мемлекеттік қызметшілердің кадр құ­ра­мының жай-күйіне қысқаша тоқталды.
– Бүгінгі таңда аудандағы 24 мем­ле­кеттік органда 127 мемлекеттік қызмет­шінің штаттық бірлігі бар. Бүгінде 124 мемлекеттік қызметші нақты жұмыс жасайтын болса, 3 бос лауазым қалып­тасып отыр. Атап өтетін жайт, осы жыл­дың қаңтар айында аудан әкімдігінің құры­лымы оңтайландырылып, оған дейін 12 мемлекеттік орган жұмыс жасайтын болса, 6 орган 3 орынға біріктіріліп жалпы 8 дербес бөлім қалыптасып отыр. Жыл басынан бері конкурс нәтижесімен 25 азамат жаңа қызметке тағайындалды. Оның ішінде 11 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға тағайындалып отыр, – деді аудан әкімінің орынбасары Арнұр Әлібекұлы.
– Біздің басты мақсатымыз – мемле­кет­тік қызметшілермен кездесу, болып жатқан заңдардағы өзгерістерді түсіндіру. Болашақта қандай жобалар жүзеге аса­тыны жөнінде ақпаратты кеңінен тарқату.
Осы жылдың қыркүйек айында Мем­лекет басшысының тапсырмасына сәй­кес, Президенттік жастар кадр резер­віне іріктеудің 3 кезеңі басталады. Аза­мат­тарды іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервіне 35 жасқа дейінгі жастарымыз, жоғары білімді, тек қана мемлекеттік қызметші емес, кез келген салада жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және мемлекеттік тілді еркін меңгерген ҚР азаматтары қатыса алады.
Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін кандидаттар 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы сайтта құжаттарын тіркей алады. Одан кейін мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті бағаланады. Үшінші кезеңде үміткерлердің таңдаған салалық бағыттарына байланысты ситуациялық тапсырмалар беріліп, олардың көзқа­ра­сын бағалауға бағытталады. Төртінші кезең құзыреттерді бағалау кезеңі деп аталады. Бесінші кезеңде азаматтар арнайы құрылған сарапшылық комиссия­сында пікір алмасады. Ал соңғы кезеңде Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Пре­зи­денттік жастар кадр резервіне үздік 50 кан­дидат қабылданады. Бұл жиын осы жылдың 25 желтоқсанына дейін өткізіледі деп жоспарлануда. Ерекше атап өтетін жайт, резервтегі адамдар заңнамада бел­гіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының лауазым­дарына, «Б» корпусының басшылық лауа­зымдарына тағайындалуы мүмкін. Сон­дай-ақ резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды, – деді Ерлеген Жәрдемұлы.
Кездесу барысында Қызылорда об­лы­­сында мемлекеттік қызмет және мем­­лекеттік көрсетілетін қызметтер са­ла­­сындағы заңнама талаптарының сақта­луының жай-күйі туралы айтылып, де­пар­тамент басшысы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бойынша бірнеше нақты ұсыныстарын білдіріп, пайымды пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ аудан бойынша көрсе­ті­летін мемлекеттік қызмет сапасының дең­гейі жоғары екенін жеткізіп, сала маман­дарының жүйелі жұмысын атап өтті.
Мұнан кейін Ерлеген Жәрдем­ұлы ауданның бел­сенді жастарымен кез­десті. Кездесу ба­рысында жастарға Пре­зиденттік жастар кадрлық резерв жобасы бойынша тү­сіндіріп, жобаның тиімділігі мен қатысу барысындағы негізгі шараларын айтты.
Айта кетейік, Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлға­лар Қа­­зақстан Республикасы Прези­ден­тінің жанындағы мемлекеттік бас­қа­ру ака­де­мия­сында және оның фи­лиал­да­рында одан әрі кәсіби және тұлға­лық даму үшін оқыту курстары мен тре­нингтерден өту мүм­кіндігіне ие болады. Бұдан бөлек департамент басшысы «Аза­­­маттарға арналған үкімет» мемле­кет­тік корпарациясы Жалағаш ауданы бойынша филиалының жұмысымен та­ны­сып, азаматтарды жеке мәселелері бо­йынша қабылдады.

Ақтоты БҮРКІТБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: