Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Дүйсенбі, 11 қараша, 13:22

Біздің  міндетіміз – сайлаушылардың сенімін ақтау

26.06.2024

317

0

Ауданымыздың экономикалық дамудың жоғарғы қарқынын және барлық азаматтардың әл-ауқатының одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін өзіме жүктелген үлкен міндетпен жұмыс жасап жатырмыз. Сайлауалды бағдарламада қамтылған мәселелердің орындалуы, халыққа берген уәделерді орындау болып табылады. Бүгінде VIII шақырылымдағы Жалағаш аудандық мәслихат депутаты болып сайланғаннан бері 1 жылдан асты. Осы аралықта тұрғындардың өтініштерін шешу, тиісті орындарға жеткізіп ғана қоймай оның орындалуы аясында тиісті министрлік, облыстық басқарма, аудан әкімдігі мен бөлімдерге бірнеше депутаттық сауалдар жолдадым. Сонымен қатар, Аққұм және Жаңадария ауылынан сайланған депутат ретінде тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізіп келемін.

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовпен бірге Аққұм және Жаңадария ауылындағы есептік кездесуге қатыстым.

Аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы 2024 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бойынша және алдағы атқарар жұмыстарға тоқталып өтіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жаңадария ауылы – егін егіп, аудан тұрғындарына түрлі бақша өнімдерін жеткізіп отырған елдімекен. Бүгінде аталған ауылдың 3 көшесін күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттар әзіленді. Тұрғындар ала жаздай егінде болатындығын және сол егіннің жағдайын жасау мақсатында аяқ-су мәселесін реттіп, қажетті су мөлшерін жеткізіп отыруда ұсыныс білдірді.

Аққұм ауылы бойынша бүгінде 10 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, су тарату жүйесінен аула ішілік су тарату желісінің құрылысы жобасын қоса қаржыландыру аяқталып, бүгінде нысан пайдалануға берілді.

АЙТЖАНОВА Гүлжайна Айтжанқызы,
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты.
«AMANAT» партиясы депутаттық фракция мүшесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: