Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов лотерея өткізген блогерлер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетінін хабарлады.
– Иә қаралып жатыр (қылмыстық жауапкершілік енгізу). Бұл мәселе бойынша қазір басқа органдардан ұсыныс жиналып жатыр. Содан кейін Үкіметтің қарауына және Мәжіліске шығарамыз. Қаржы пирамидаларына жарнама жасағанға қылмыстық жауапкершілік енгіздік. Бұл жерде де сондай қылмыстық жауапкершілік қарастырып жатырмыз, – деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!