Қазан айының 20 мен қараша айының 19 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлер 17 күнде табиғатты қорғау заңын бұзған барлығы – 125 дерек тіркеді.
Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) – 89 дерегі анықталды, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1,2,3,4-бөліктері)- 26 дерегі тіркелді. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен) бойынша 9 әкімшілік хаттама толтырылып сотқа жолданды, ал азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену,беру,есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігімен) 5 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Айта кетейік, рейд барысында полиция қызметкерлері Қармақшы ауданында далалық жерде «Уаз» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан жарық шам (прожектор), 1-ұңғылы 16-калибірлі, екі аңшы мылтығы , прожектор және жабайы жануарлардың өлі денелері тәркіленді. Күдікті ретінде үш азамат ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігімен (адамдар тобы,алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған заңсыз аң аулау) сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!