Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Дүйсенбі, 24 маусым, 17:07

Бүгін елімізде қандай ауа райы күтіледі?

03.06.2024

236

0

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 3 маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең шығыста тұман түседі.

Батыс Қазақстанда, Қызылордада, Маңғыстауда, Атыраудың шығысында, орталығында, солтүстік-шығысында, Түркістан тау бөктерінде, солтүстік-батыста, Жамбылдың оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, солтүстікте, оңтүстік Ақтөбе, Қарағандының оңтүстігінде, Ұлытау облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістанның шөлді аймақтарында, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорданың шығысында, батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: