Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Бейсенбі, 18 сәуiр, 06:49

Бүгін облысқа 120 тонна пияз келді

10.02.2023

341

0

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жиі жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Онда әкелінген азық-түлік өнімдерінің бағасы нарықтан әлдеқайда төмен бағада халыққа ұсынылып жатыр. Бүгін облысқа әлеуметтік маңыздағы өнімнің бірі – пияздың 120 тоннасы әкелінді.  Бұл өнімдер 13 ірі сауда орталығы мен 36 әлеуметтік дүкенге таратылды. Пияз бағасы – 95 теңге. 


– Бұдан бөлек, қосымша 300 тонна пияз өнімін сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы қазіргі таңда тұрақтандыру қорында  977 тонна  азық-түлік өнімі бар.  Оның ішінде картоп – 268 тонна, қант – 27 тонна,  сәбіз – 82 тоннадан аса, пияз – 127 тонна, макарон өнімдері – 55 тонна, қарақұмық – 57 тонна. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұруы үшін тиісті тапсырмалар беріліп, қажетті шаралар атқарылуда. Жалпы маусымаралық кезеңде өңірлік тұрақтандыру қоры мен айналым қаражаты арқылы тікелей тауар өндірушілермен 9,8 мың тоннадан астам көкөніс өнімдеріне форвардтық келісім жасалып, қажеттілігіне қарай кезең-кезеңімен жеткізілуде. Жыл басынан облыс тұрғындарын арзан бағада азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында «Байқоңыр ӘКК» АҚ»-ның ұйымдастыруымен  апта сайын жәрмеңкелер өткізілуде, – деді өңірлік тұрақтандыру қорының басшысы Талғат Бекішов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: