Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сейсенбі, 16 тамыз, 20:30

Бүгін Құрбан айт мейрамы басталды

09.07.2022

87

0

Бүгін мұсылман қауым Құрбан айтты мерекелеуді бастады.

Бүгін басталған Құрбан айт мейрамы үш күнге созылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне қарағанда Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілген.

Арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. Ал 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Бұл күндері құрбандыққа мал шалып, азығы жоқ, мұқтаж жандарға таратып береді. Ислам түсінігі бойынша жоқ-жітік жандарға көмектесу сауапты іс.

Сондай-ақ, мұсылмандар құлшылық етіп, көбірек жақсы амалдар жасауға тырысқаны жөн.

Сондай-ақ, мереке кезінде Құрбан айт намазы оқылады.

Айта кетейік, әр өңірде намаз оқудың бекітілген уақыты бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес өңірлердегі бас имамдар Құрбан айт мейрамына орай брифинг өткізіп, БАҚ арқылы халыққа аталған мерекенің мән-жайын кеңінен түсіндірді.

Аталған мерекеге тән міндет – Құрбан шалу. Еске сала кетейік, құрбандыққа шалатын малға және союға қатысты қойылатын арнайы талаптар бар.

Осы орайда қазақстандықтар Qurban2022.kz сайты арқылы өтінім бере отырып, онлайн режимде де құрбандық шала алады.

Одан бөлек, еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сақтық шарасы мақсатында құрбандыққа ветеринарлық анықтамасы бар малды ғана союды ұсынып отыр.

ҚазАқпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: