Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сенбі, 20 тамыз, 11:51

COVID: Қазақстанда бір қала «сары» аймаққа өтті

04.07.2022

40

0

Алматы қаласы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалына байланысты «сары» аймаққа өтті. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бүгінде Алматы «сары аймаққа» өтті. Қаланың бас санитарлық-эпидемилогиялық дәрігері қаулы дайындап жатыр. Қаулыда ведомствоаралық комиссия ұсынған барлық карантиндік талап көрсетіледі. Дайын болған соң қаулы күшіне қай күні енетіні көрсетіледі. Біз тұрғындарды түсіністікпен қарап, вакцинациялау мен ревакцинацииялаудан бас тартпауды ескертеміз», – деді Ержан Байтанаев.

Айтуынша, қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 80 проценті – соңғы алты айда вакцина және ревакцинация алмағандар.

Еске салсақ, бұған дейін ведомствоаралық комиссия коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарласа, шектеулер енгізілетінін айтқан еді.

Өңір «сары» аймаққа көшсе:
науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмысқа ауыстыру;
СOVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс түріне ауыстыру;
жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте масканы міндетті түрде кию;
10-нан астам адам қатысатын кеңестерді онлайн-форматқа көшіру ұсынылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: