Өткен жылы тамыз айында Қызылорда қаласының сол жағалауында құны 2 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын Қан орталығының іргетасы қаланды.
Нысан жылына 5000-10000 адамға қызмет көрсете алады. Орталықтың салынуы – аймақтың денсаулық сақтау саласы үшін маңызды әрі ұтымды шешім. Бұл – облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау және қорғау бағытындағы нақты іс-шараның бірі.
Нысан 2024 жылдың басында пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар келер жылы аймақта физика-математика мектеп интернаты білім алушыларға есігін айқара ашады.
Биыл шілде айында Қызылорда қаласында дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар, 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының іргетасы қаланды.
Сол жағалауға қоныс тепкен жаңа ғимарат жобасының құны 7 млрд. 900 млн. теңге. Жаңа мектеп оқушыларға сапалы білім беруге мүмкіндік жасайтын заманауи құрал-жабдықтармен жарақталады. Мұнда нақты ғылымды тереңдетіп оқуға талапты шәкірттерді қолдаудың барлық тетіктері қарастырылады.
Ғимарат құрылысы 2024 жылы аяқталып, оқушылар мен ұстаздар игілігіне беріледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!