Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 21:02

Денсаулық министрі ковидке қарсы неге екпе салдырмай жүргенін түсіндірді

11.02.2021

441

0

1 ақпанда Қазақстан ресейлік Sputnik V вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау науқанын бастап кетті.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazCovid-In – қазақстандық вакцинасын күтіп жүргенін, отандық өнімді қолдау туралы шешім қабылдағанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Ол QazCovid-In – қазақстандық вакцинасының клиникалық сынақтарының соңғы кезеңі жүріп жатқанын айтты.

Бұл – инактивті вакцина, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық кезеңдері біздің ерекше бақылауымызда. Денсаулық сақтау министрі ретінде мен қазақстандық вакцинаны қолданғым келді. Ол өндіріске шыққан кезде оны алғашқылардың бірі болып ектіремін, – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингіде.

1 ақпанда Қазақстан ресейлік Sputnik V вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау науқанын бастап кетті. Денсаулық сақтау вице-министрлері мен санитарлық дәрігерлер вакцина салдырып үлгерді. Жалпы, қазірдің өзінде 13 301 медицина қызметкері екпе алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: