Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сенбі, 02 қараша, 08:08

Денсаулықтың негізі – дұрыс тамақтану

03.04.2024

503

0

Қазіргі таңда мектептер мен мектепке дейінгі білім ордаларының асханаларында балаларға ыстық тамақ берілуде. Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығы мен ойлау қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса балалардың денсаулығына кері әсері болатыны анық.

Осыған байланысты «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы Қаракеткен және М.Шәменов ауылдық округтеріндегі білім ошақтарында болып, асханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді.


Мектептердегі балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жеке кәсіпкерлерге жүктелген. Яғни, мектеп оқушыларына берілетін тамақтың сапалылығы, ыдыс-аяқтың таза болуы, санитарлық талаптардың сақталуы, азық-түліктің құнарлы болуына жауапты болмақ. Аспазшылардың киім үлгісі мен тамақты дайындауына дейін барлығы заң аясында белгіленген стандарт негізінде болуы шарт. Мектеп асханаларында тыйым етілген тағам түрлері сатылмауы тиіс. Жалағаш аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева білім ордаларындағы асханалардың талапқа сәйкес болуын түсіндіріп, бұл партия назарында болатындығын да айтты.
Мониторинг жұмыстары барысында аспазшыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп оқушыларына берілетін тағамның бекітілген стандарт бойынша жасақталуы бақылауда болатыны ескертілді.


Аталған мониторинг жұмыстарына Жалағаш аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, фракция мүшесі Қайрат Досымов, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Дәулет Қалдыгүл және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің сала маманы қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: