Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 15:50

Димаш Құдайберген Головкин-«Канело» кездесуінде Гимнді орындайды

15.09.2022

650

0

Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев мемлекеттік арнада берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Гена телефон соғып, «елдің атынан өнер көрсетіп жатырмын, сондықтан Гимнді айтып беруіңді сұраймын» деп қолқа салды. Өзінің концерті тақалып тұрғанына қарамастан, соған барып келмек. Алла тілегіңді берсін деп шығарып салдым. Енді жігіттердің жеңіспен келуін тілейміз»,  деді Димаштың әкесі.

Сондай-ақ бұл ақпарат DimashNews Insagram парақшасында да жарияланды.

«Еліміздің біртуар спортшысы Генадий Головкиннің арнайы шақыртуымен 17 Қыркүйек күні Лас Вегас қаласында өтетін GGG – Canelo 3 жекпе-жегі алдында Димаш Құдайберген Мемлекеттік Гимнді орындап, батырымызға қолдау көрсетеді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Головкин-«Канело» жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: