Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жұма, 29 наурыз, 03:32

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

22.05.2023

199

0

Қазгидромет мамандары 22 мамыр, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, облыстың батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Павлодар облысының шығысында, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында қауіпті өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: