Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Жұма, 24 мамыр, 00:32

Дзюдодан Париж оимпиадасына лицензия үлестіретін соңғы турнир Астанада өтеді

29.04.2024

274

0

Дзюдодан Париж олимпиадасының соңғы жолдамалары Астанада үлестіріледі. Маңызды бәсекеде 60 елден келген спортшылар бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді.

І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептеледі.

Айта кетейік, Қазақстан әлемдік  IJF ұйымымен келісімі негізінде Grand Slam жарыстарын 2026 жылға дейін өткізеді.

Дзюдо сайыстары Ж.Үшкемпіров атындағы спорт сарайында 10 мамыр күні басталады. Лицензиялық турнир Qazsport телеарнасында тікелей эфирден көрсетіледі. 

Жарыс бағдарламасы:

10 мамыр

Әйелдер: -48 келі, -52 келі, -57 келі

Ерлер: -60 келі, -66 келі

11 мамыр

Әйелдер: -63 келі, -70 келі

Ерлер: -73 келі, -81 келі

12 мамыр

Әйелдер: -78 келі, +78 келі

Ерлер: -90 келі, -100 келі, +100 келі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: