Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:11

Ел баласы боламын десең тіліңді түзе!

11.08.2023

726

0

«Қазақ тілі- сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан дүниеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың ауызына құм құятын ғажайып, кемел тіл», – Бауыржан Момышұлы.

Расында қазақ тілінің сөздік қоры мағыналы сөздерге бай көркем тіл. Өзге тілдерде көп кездесе бермейтін теңеулер, метафораларды көруге болады. Әр ақынның өз жазбасында қалдырған өлеңдерін оқып та тіліміздің құдіретін байқауға болады. Ал қазіргі уақытта орыс тілін өзіндік «тренд» етіп алған жастарымыз да жоқ емес. Алайда ең әуелі балаға кішкентайынан ана тілін үйретіп өсірген дұрыс дер едім. Сенің ана тілің-тұнып тұрған тарихың. Одан айырылсаң елдігіңнен де айырылуың ғажап емес. «Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына» екендігін Ж.Аймауытовтың шығармашылығынан да көруге болады.

Әрбір тұлға дүниеге келер кезде дінін, тілін, ұлтын дәріптейтін тұлға ретінде дүние есігін ашады. Ата-аналар да халқы көтеретін, ел баласы қылуды армандайды. Ал ел баласы ең әуелі өз тіліне деген құрметті білгені абзал деп білемін. Мәселен елім, халқым деп еміренген,  нағыз ел баласы Бауыржан Момышұлының жоғарыдағы сөзі арқылы қазақ тілге, халқына деген махаббатын білуге болады. Елінің дамуын қалайтын әр тұлға өз ана тіліне бекем болады. Қазіргі кезде ана тіліне негізделген көптілді білім беру барлық адамдардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына мүмкіндік береді. Ол өзара түсіністік пен бір-біріне деген құрметті қалыптастырады және дүние жүзіндегі әрбір тілде енген мәдени және дәстүрлі мұраның байлығын сақтауға көмектеседі. Қазіргі таңда дүниежүзінде 7000-ға жуық тіл бар. Көп тілді білген, білім алған жақсы, алайда, ана тілін сол көп тілге ауыстыру ол өте үлкен қателік. Себебі тіл-елдің мәдениеті, саясаты, тарихы. Ана тілін  өшіру – ел тарихын өшірумен тең. Сондықтан да өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Мұқағалидің үш бақытына кірген, қараңғы заманда Мағжанға нұрлы жұлдыз болған, алпыс тілге татитын ана тіліңді сақтап, дамытып, ел іргесін берік етіп қалуға ат салысайық.

Рахат АҚҚАСЫНОВ,

Жалағаш аудандық сотының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: