Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сәрсенбі, 02 сәуiр, 08:04

Еліміздегі көлік саны: Қай өңірде темір тұлпар аз

31.03.2025

162

0

Былтыр қазақстандық дилерлер автокөлік сатудан рекорд жаңартты. Еліміздегі ең ірі онлайн авто-хабарландыру платформасының мәліметінше, 2024 жылы елімізде 205 111 көлік сатылған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,2%-ға жоғары.

Оған қоса Қазақстанның автомобиль нарығындағы ТОП-3 көлік маркасы да белгілі болды. Былтыр еліміздегі автосалондар 44 218 Hyundai көлігін сатқан. Екінші орында 30 927 данасы саудаланған Chevrolet маркасы. Үздік үштікті 23 045 дана сатылыммен Kia көлігі түйіндейді.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 2025 жылдың 1 наурызына дейін елімізде 5 791 674 автокөлік тіркелген. Оның 5 101 862-сі жеңіл көлік. Одан бөлек 573 659 жүк көлігі мен 116 153 автобус бар.

Автомобиль саны бойынша Алматы қаласы көш басында. Оңтүстік астанада 671 163 көлік тіркелген. Тізбекті 612 907 машинамен Алматы облысы жалғастырады. Үшінші орын 429 229 көлігі бар Астана қаласына тиесілі. Автомобильді ең аз қолданатын өңір — Ұлытау облысы. Онда 26 725 көлік тіркелген.

Қазақстанда барлығы 5 791 674 тіркелген. Өңірлерге келер болсақ:

Абай — 69 493 Ақмола — 241 623 Ақтөбе — 221 886 Алматы — 612 907 Атырау — 158 783 Батыс Қазақстан — 176 368 Жамбыл — 300 445 Жетісу — 79 690 Қарағанды — 361 674 Қостанай — 244 353 Қызылорда — 178 645 Маңғыстау — 194 720 Оңтүстік Қазақстан — 147 231 Павлодар — 213 191 Солтүстік Қазақстан — 178 007 Түркістан — 333 625 Ұлытау — 26 725 Шығыс Қазақстан — 333 648 Астана қаласы — 429 229 Алматы қаласы — 671 163 Шымкент қаласы — 247 552 Дипломатиялық нөмірлер — 52 232 Өңірі көрсетілмеген — 318 484

Еліміздегі темір тұлпарлардың 82%-ы, нақтырақ айтсақ, 4 740 115-і бензин тұтынады. 412 099 көлік дизель отынымен, 13 356 көлік газбалонмен жүреді. Ал 421 232-сы гибридті автомобильдер. Оған қоса Қазақстанда 13 599 электр машиналары бар. Қалған 188 273 көліктің қолданатын отын түрі көрсетілмеген.

Еске салайық, өткен жолы АҚШ көлік импортына 25% баж салығын енгізгенін хабарлаған едік. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: