Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жексенбі, 21 шiлде, 21:02

Ертең басталатын Азия ойындарына Қазақстаннан 524 атлет қатысады

22.09.2023

228

0

 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары өтеді. 

Осы аралықта сары құрлықтағы 45 елдің 15 мыңнан астам өкілі 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Ойынның ашылу рәсімі 23 қыркүйекте Олимпиада спорт орталығы стадионында өтеді.

Қазақстан Ханчжоу қаласына 30 спорт түрінен 524 атлет (262 ер, 262 әйел) апарады.

Оның ішінде Олимпиада бағдарламасына кіретіні 27, қалған үшеуі – олимпиадалық емес спорт түрі.

Сонымен қатар, алдағы додада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады

Сондай-ақ спорттың 4 түрінен: таеквондо, дзюдо, триатлон, бадминтоннан рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.

Айта кетейік, Азия ойындары- Азиада деп те аталады – Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) басқаруымен Азия құрлығының спортшылары арасында 4 жылда бір рет өтетін кешенді спорттық жарыс.

Халықаралық Олимпиада комитеті ресми түрде континенттік ойындар ретінде таныған.

Қазақстан 1994 жылдан бері Азия ойындарына сегізінші рет қатысып жатыр. 

ҚазАқпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: