Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

33°C

, Сенбі, 14 маусым, 10:27

Есеп беру жиналыстары өтті

13.06.2025

22

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшесі Ахетов Қуат және аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүлдің қатысуымен Мақпалкөл, Жаңаталап және Аққыр ауылдық округтеріндегі бастауыш партия ұйымдарында есеп беру кездесулері өтті.

Кездесулер барысында депутат Ахетов Қуат өз сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы кеңінен баяндап, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер тыңдалып, нақты мәселелер бойынша жауапты мекемелерге жолданатын болды.

Кездесу «AMANAT» партиясының ашықтық, халықпен кері байланыс орнату және елмен етене жұмыс істеу қағидаттарының аясында өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: