Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:25

Халық күткен күрежол

27.08.2024

500

0

Әрбіріміз елордамыз Астана қаласына сапарлап тойға немесе қыдыруға бірнеше мәрте жол жүрдік. Кейде асығыс жеңіл көлікпен де «Біссіміллә» деп жолға шығып кетеміз. Бірақ Астана қаласына қарай жеңіл көлікпен бағыт алған жолаушылар автожолдың сапасына қапалы. Жол сапасының нашарлығынан жолаушылар діттеген жеріне әбден шаршап жетеді. Әсіресе «Қызылорда – Жезқазған» бағытындағы автожолдың сапасы жолаушыларды әбігерге түсіреді. Кәдімгі асфальт жоқ, көліктер 400 шақырым жолды кедір-бұдыр жермен жүріп өтеді. Халық қанша жылдан бері осы бағыттағы автожолдың жөндеуден өтуін армандап келеді. Қуантарлығы, енді бір-екі жылда аталған автожол сужаңа төселген асфальтімен халық иігіліне беріледі. Ол үшін бүгінде қызу жұмыс жүруде.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында «Жезқазған – Қызылорда» автожолы құрылысының қарқынымен танысты. Оны қалпына келтіру бір­қа­тар өңірдің дамуына серпін беруі тиіс.
Бүгінде «Жезқазған – Қызылорда» жобасының 208 ша­қы­рымы бойынша 4 мердігер ұйым анықталған. Олармен келісім-шартқа қол қойылған. Биыл жол құрылысына жер бөлу, құнарлы то­пы­рақ қабатын алу, вахталық қа­ла­­шықтар салу және карьер­лерді рәсім­деу, сондай-ақ жол-құ­рылыс мате­риал­­дарын дайындау жоспар­лануда.
Биыл Қызылорда аумағындағы 210 шақырымның 140 шақырымы бо­йын­ша жол қозғалысы қамтамасыз еті­­­леді. Яғни астыңғы қабатпен жү­ру­ге болады. Бірақ толық құры­лысы, яғ­ни Қызылорда жағы 2026 жылы аяқталады.
Премьер-Министр «Жезқазған – Қы­­зыл­орда» автожолының стра­те­гия­лық маңызы барын ерекше атап өтті. Бұл еліміздің транзиттік әлеуе­тін арт­тыруға, сол арқылы ел экономи­касының да­муына және тұрғындарының тұрмыс дең­гейін жақсартуға мүмкіндік береді. Көлік министрлігіне жұмыстың уақы­тылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін мәселені ерекше бақылауға алу тапсы­рылды.
Сондай-ақ автожолды реконструк­циялау кезінде мердігер ұйым­дар­дың Ұлытау облысында тұратын маман­дарды, қажетті құзырет пен жоғары беделге ие компанияларды тар­туға назар аударылды. Жұмыс барысында отандық құрылыс мате­риалдары пайдаланылуы тиіс. Үкімет басшысы автожолды реконструкциялау жұмыс­тарын жүргізуде жол қауіпсіздігін сақ­тау қажеттігіне де ерекше тоқталды.
Айта кетейік, Мемлекет басшы­сының 2025 жылға дейін бүкіл рес­публикалық жол желісін нормативтік қалыпқа келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстанда 12 мың шақырым, атап айтқанда, рес­публикалық желі бойынша 8 мың шақырым, жергілікті желі бойынша 4 мың шақырым автожолдың ауқымды құрылысы мен жөндеу жұмыстары басталған. Көлік министрлігінің де­рек­тері бойынша, жыл соңына дейін 7 мың шақырымда жұмыстар аяқталады.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: