Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 19 сәуiр, 15:17

ХҚКО қызметкерлері Наурыз мерекесінде ұлттық киімде қызмет көрсетті

22.03.2025

21

0

Наурыз мейрамына орай Қызылорда облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ерекше мерекелік атмосфера қалыптасты. ХҚКО қызметкерлері келушілерді ұлттық киімде қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қызметкерлер қазақтың дәстүрлі шапаны, камзолы мен сәукелесін киіп, наурыз мерекесінің сәнін келтірді. Сонымен қатар, орталықтарда қазақтың ұлттық музыкасы ойналып, келушілерге наурыз көже ұсынылды. Мұндай шаралардың басты мақсаты – ұлттық мәдениетімізді дәріптеу және халыққа ыңғайлы, жылы орта қалыптастыру.

Азаматтар мерекелік безендірілген  ХҚКО-ға келіп, мемлекеттік қызметтерін алды. Келушілербұлбастаманы жылы қабылдап, ерекше ықыласпен қарсы алды.

Осындай игі бастамалар халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттырумен қатар, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға да өзүлесін қосады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: