Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жұма, 16 қаңтар, 14:58

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа сатысы

16.01.2026

6

0

       Сот – мемлекеттегі заңдылық пен әділдіктің негізгі тірегі.                                       

       Ал кассациялық сот – сот жүйесіндегі маңызды әрі соңғы саты. Оның басты мақсаты – төменгі сатыдағы соттар қабылдаған шешімдерде заң нормаларының дұрыс қолданылғанын тексеру. Кассациялық сот істі қайтадан қарамайды, яғни дәлелдемелерді зерттемейді. Ол тек сот актілерінің заңдылығына баға береді. Егер төменгі сатыдағы соттар тарапынан заң талаптарын бұзу немесе қателік жіберу анықталса, кассациялық сот шешімнің күшін жояды, өзгертеді немесе істі қайта қарауға жібереді. Кассациялық сотқа шағым тек апелляциялық соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана беріледі. Бұл – азаматтардың сотқа жүгіну тәртібін нақтылап, сот жүйесіндегі тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кассациялық саты – шағым беруге болатын соңғы саты болып табылады. Жаңа енгізілген өзгерістерге сәйкес, кассациялық сот істерді жаппай қарау тәртібімен жұмыс істейді. Яғни шағымдар алдын ала сүзгіден өтпей, тікелей кассациялық соттың өндірісіне қабылданады. Бұл сот төрелігінің қолжетімділігін арттырып, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді. Сонымен бірге, сот процесіне тараптардың міндетті түрде қатысуы қамтамасыз етіледі. Кассациялық соттың негізгі міндеттерінің бірі – заңдардың ел аумағында біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету. Бұл сот тәжірибесінде ала-құлалыққа жол бермеуге және әділ шешімдердің қабылдануына ықпал етеді. Қорыта айтқанда, кассациялық соттың енгізілуі сот жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам болып табылады. Ол әділдікті қамтамасыз етуге, заң бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға қызмет етеді.

                                                                                 Жалағаш аудандық соты     

                                                                                  әкімшілігінің бас маманы   

                                                                                  Г.Байкенжеева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: