Стоматологиялық көмек түрі кімдер үшін тегін көрсетіледі? МӘМС бойынша сақтандырылған азаматтарға дантинст тегін көмек көрсетуі тиіс. Сіз қандай жағдайда қажетті құқығыңызды қолдана алатыныңыз туралы баяндаймыз.
Шұғыл жағдайды
– 18-жасқа дейінгі балалар
– жүкті әйелдер
– ҰОС ардагерлері
– зейнеткерлер
– 1,2 және 3 топтағы мүгедектер
– «Күмiс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерінің иелері
– мекен-жайлы әлеуметтік көмек алушылар
– мүгедек баласын бағып отыған жұмыссыз азаматтар
– 1 топтағы жастайынан мүгедек адамды бағып отыған жұмыссыз азаматтар
Көрсетілетін көмек түрлері
– жансыздандыру
– салманы дайындау және орналастыру
– жансыздандыру арқылы тіс жұлу
– периостотомия
– абцесті ашу
Жоспарлы түрде кімдерге тегін?
– 18-жасқа дейінгі балалар
– жүкті әйелдер
Көрсетілетін көмек түрлері қандай?
– жансыздандыру арқылы тіс жұлу
– салманы дайындау және орналастыру
Мектептер бойынша тегін көмек көрсетіледі
– ауыз қуысын тексерістен өткізу
– жарықтарды жабу (тістердің беткейінде орналасқан табиғи ойықтар)
Қосымша сұрақтың жауабын 1406 нөміріне қоңырау шалып білуге болады. Байланыс орталығы тәулік бойы қызмет жасайды. Мобильді және қалалық телефон көзінен қоңырау шалу Қазахстан Республикасы территориясының барлық аймақтары бойынша тегін.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!