Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы жұмыс сапарымен Жалағаш ауданы, Ақсу ауылдық округіне қарасты «AB – AGRO ORDA» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Келелі кездесу барысында мәжіліс депутаты егіншілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.
«АB – AGRO ORDA» ЖШС қазіргі таңда 1000 га жуық күріш дақылдарын егуде. Ауылымыздағы үлкен іргелі шаруашылыққа айналды. Ендігі кезекте шаруашылық құрылымдарына техниканы несие арқылы рәсімдеу заңдылықтарының жеңілдетілген нұсқалары қарастырылса – деді шаруашылық директоры Қанат Ниетқұлов.
Егіншілермен кездесуге партияның аудандық филиалының Атқарушы Қаншагүл Мұстафаева және тиісті жергілікті атқарушы орган өкілі қатысты.
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЕГІНШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
19.08.2022
401
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!