Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 18:16

Министр: Білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларының жалақысы қайта қаралады

26.02.2024

377

0

  

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы мектеп директорларымен кездесу кезінде білім беру мекемелері басшылары мен орынбасарларының жалақысы қайта қаралатынын айтты деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі QRNews сайтына сілтеме жасап.

«Педагогтерді кәсіби дамыту жүйесі түбегейлі өзгеріп жатыр. Қазіргі тәжірибелі топ-менеджерлер «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге тағылымдамадан өтуге жіберілетін болады. Педагогтерді қолдау шаралары жалғасады. Осы жылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады», – деді министр.

Жиынға 800-ге жуық мектеп, білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары қатысты. Олар күні бойы менеджердің басқару құзыреттері, кадрлық әлеуетті дамыту, НҚА қабылдайтын және білім беру саласындағы маңызды басымдықтар бойынша тәжірибе алмасып, білім алды. 

Айта кетейік, бұл – мектеп директорларымен өткен қорытынды кездесу. Бұндай басқосулар бұған дейін еліміздің батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерінде өткен болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: