Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жұма, 19 сәуiр, 19:02

Мемлекет басшысы Үлкен Кремль сарайына барды

25.05.2023

528

0

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына барды, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Президентімен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысады.

Сонымен қатар бейнебайланыс арқылы ЖЕЭК жанындағы бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес және шақырылған қонақ ретінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады деп жоспарланып отыр.

о
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: