Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Бейсенбі, 10 қазан, 19:08

Мемлекеттік қайтарымсыз грант беру тәртібі өзгерді

07.06.2022

642

0

Биылдан бастап жаңа бизнес идеяларды іске асыруға берілетін қайтарымсыз гранттардың мөлшері 200-ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. Сонымен қатар осы жылдан бастап 29 жасқа дейінгі жастар мен әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар мемлекеттік грантқа қол жеткізеді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева хабарлады.

«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттарға байланысты әртүрлі ақпараттар таралуда. Осыған байланысты нақты түсіндіріп кетейін, биыл грант беру процесі электронды түрде өтеді. Яғни, кәсіп бастау үшін қаржы алғысы келетін үміткерлер туралы ақпарат электронды жүйе арқылы расталады. Биыл мемлекеттік қайтарымсыз грант көлемі – 1 млн.225 200 теңгені құрады. Айта кететін жайт, бұрын мемлекеттік грантқа барлық азаматтардың қатысуға мүмкіндігі болатын. Ал биылдан бастап әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға, атаулы көмек алатын отбасы мүшелеріне, көп балалы отбасыларға беріледі. Сондай-ақ, қайтарымсыз грантқа үміткерлер «Бастау бизнес» жобасының сертификатын соңғы 3 жыл ішінде алған және кемінде 1 жыл тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу туралы мәліметтерді ұсынуы керек. Азаматтарға мемлекеттік грант тек бір рет қана беріледі», – деді Жанар Жұмабекқызы.

Өңірде жалпы саны 297 қылмыстық іс тіркелген болса, оның 158-і интернет алаяқтыққа жатады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтық деректер былтырғы жылмен салыстырғанда 27 пайызға төмендеген.

«Әлеуметтік желіні пайдаланушылар арасында алаяқтардың жалған сөзіне сеніп, қомақты қаржысынан айырылып қалуда. Сол үшін жеке басыңызға тиесілі құжаттарға абай болуларыңызды сұраймын», – деді облыстық полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығы Нұрсұлтан Әлтай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: