Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жұма, 26 сәуiр, 22:38

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

11.08.2022

339

0

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен арнайы мониторинтік топ Жалағаш ауданы бойынша әлеуметтік объектілердің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігінің қамтамасыз етілуіне қоғамдық бақылау шараларын жүргізіп келеді.

Бүгін аталмыш топ өкілдерімен бірге аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева бірқатар аудандық мекемелердің ғимараттарындағы жағдайды пысықтады.

Атап өту керек, мониторинг жұмыстары барысында берілген ұсыныстар орындалып Жалағаш кенті орталығындағы аудандық мекемелердің көбісінің пандустары стандартқа талапқа келтірілген. Ал стандарттық талапқа келтірілмеген нысандарға партия атынан ұсыныстар беріліп, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг жұмыстары аудан көлемінде жалғасын табатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: