Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сенбі, 20 тамыз, 11:52

Неге «сырттан» тамақ ішуге болмайды?

31.07.2022

171

0

Сырттан тамақ ішпеген жөн. «Сырттан» деп отырғанымыз көшедегі тамақ пен асхана-мейрамханада берілетін тағамды айтып отырмыз. Оның орнында үйде, өзіңіз тамақ дайындап ішкеніңіз дұрыс.

Осылай дейді гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының докторы Ләйла Тәшенова.

Оның айтуынша, асқазан ауруларын тудыратын хеликобактериоз сынды бактериялардың түрлері бар.

«Бұлар адамнан адамға сілекей арқылы жұғады. Мәселен, адаммен сүйіскен кезде жұғуы мүмкін. Тағы бір жолы – бактерияның ыдыс-аяққа жабысып қалып, содан адамға жұғуы. Әсіресе, бұл жайт қоғамдық тамақтану орындарында жиі кездеседі. Өйткені мұндай тамақтану орындары ыдыс-аяқты дұрыс жумайды, өңдемейді. Содан бактерия адамнан адамға тарап жүре беруі мүмкін. Гастрит, асқазан жарасы сынды аурулардың бәрін хеликобактериоз қоздырады», – деп түсіндіреді гастроэнтеролог.

Маманның айтуынша, хеликобактериоз табылған адамның емделгенше бөлек ыдыс-аяғы болғаны жөн. Басқа адамдармен бірге бір табақтан ас ішуге болмайды.

Мassaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: