Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Жексенбі, 03 наурыз, 07:47

Облыс әкімі қасиетті Рамазан айымен құттықтады

23.03.2023

258

0

Қадірлі ағайын!

Күллі мұсылман қауымының асыға күткен қасиетті Рамазан айы да келіп жетті.

Сіздерді көңілге – қанағат, ынсап, жүрекке – мейірім, шуақ, адамға – ынтымақ, ауызбіршілік сыйлайтын отыз күн оразаның басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – мұсылман үшін қасиетті де берекелі ай.

Құран Кәрім осы айда түсе бастаса, мың айдан да қадірлі болып саналатын Қадір түні де осы айдың ішінде.

Ішкі дүниемізді жаман ойдан арылтып, сыртқы дүниемізді теріс әрекеттен тазартатын ораза – мұсылман қауымының үлкен сабыр мектебі.

Шарапаты мен шапағаты мол ай адамзатты ізгілікке, береке-бірлікке жетелеп, жабыққанға жанашыр, қамыққанға қайырымды, бір-біріне көмектесіп, бауырмал, мейірімді, кішіпейіл, кешірімді болуға шақырады.

Бiр ай бойы астан ғана емес, бейәдеп сөзден, жат қылықтан тартындырып, сабыр мен төзімге тәрбиелейді.

Құрметті жерлестер!

Берекесі мен бірлігі, татулығы мен тірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, тілеген барлық дұға-тілектеріңіз, ықылас-ниетпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Елді біріктіре түсетін қасиетті айда әрбір отбасына шадыман шаттық, бақ-береке, амандық, егемен елімізге тыныштық пен өрлеу тілеймін!

Құрметпен, Н.Нәлібаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: