Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 наурыз, 18:09

Облыс әкімінің бірінші орынбасары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді

16.09.2022

328

0

Облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес бүгін аудан әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Қожаниязов Серік Салауатұлы мен құқық қорғау органдарының басшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында ішкі істер саласының ардагері Бейбітжан Шаханов елді мекендердің учаскелік полиция инспекторларын тұрғын үймен және қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілуін, Таң ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жалғас Өмірбаев елді мекен тұсына жылдамдық өлшегіш камераларын және жылдамдықты шектейтін жол белгілерін орнатса деген ұсыныс айтты.

Сонымен қатар Аққыр ауылы бағытындағы автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылдық клуб салу, мектептерге полиция инспекторы штатын қайтадан қарастыру, Ақсу ауылын газдандыру, Қаракеткен ауылындағы электр желілерін күрделі жөндеу туралы мәселелерін жеткізді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязов және аудан әкімі А.Есжанов, құқық қорғау органдарының басшылары тарапынан тиісті қолданыстағы заңдылықтармен түсіндірме берілді. Көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, құқықтық кеңестер айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: