Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 12:51

ПАРТИЯЛАСТАР ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

07.09.2022

550

0

Баршамызға белгілі ағымдағы жылдың 01 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі Қоғам» атты Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдады. Аталмыш жолдауды насихаттау мақсатында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Серәлі Нарбота ауданға қарасты Бұқарбай батыр және Таң ауылдық округтерінде кездесу өткізді.
«Бұл Жолдау – жаңа Конституцияны іске асырудың бастамасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы маңызды бастамаларға толы болды. Соның ішінде елдің көкейінде жүрген көп сұрақ көтерілді деп ойлаймын. Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы елдегі балалардың шотына 18 жасқа толғанға дейін аударылады. Бұл бастама 2024 жылдан басталмақ. Көптен көтеріліп жүрген зейнетақы жасы 61 жасқа бекітілді. Келесі мәселе – жер мәселесі- халықтың игілігінде қала береді. Сондай ақ, биыл күзде Президент сайлауы өтеді. Ал Парламент құрамы келер жылы жаңадан жасақталмақ»,-деді Қаншагүл Мұстафаева.
Бұл бастамалар көпшілік көңілінен шыққаны жиында белгілі болды. Жиналғандар жолдаудағы тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмылып, бірлесе атқаратындықтарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: