Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 20:49

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді

27.06.2024

573

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Аталған кеңестің төрағасы Қайрат Досымов төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе ұсынылды. Аталған басқосуға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты.


Қазіргі таңда аудан бойынша орталықтандырылған деректер қорына барлығы 973 мүгедектігі бар адам тіркелген Мүгедектерге «кедергісіз орта» қалыптастыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2023-2027 жылдарға арналған ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 2024 жылы «Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша мүгедектер үшін «Инватакси» қызметін ұйымдастыру және көрсетуге 6 млн. 956 мың теңге қаралып, «Тұран-Шах Қызылорда» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен 2024 жылдың наурыз айынан бастап 5556,0 мың теңгеге келісім шарт негізінде 2 автокөлік қызмет көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, бүгінгі күнге мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданда барлығы 125 объекті түгенделіп, республикалық қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілді – деді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Бөлембаев.
Жалағаш ауданының «Мансап» орталығының атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ Жалағаш ауданының «Мансап орталығы» филиалының директоры Телібаев Ғалымжан хабарлама жасады.
Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 1872 адамның тұжырымдамаға қатысушы ретінде 721 адам тіркелді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 144 адам жолданып, олардың 100-і оқу курсын аяқтап сертификатын алды, 47-ы өз кәсібін ашып, 2 адам қайтарымсыз грант алған. «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 2 адам жолданды. «Күміс жас» жобасына – 25 адам жолданып, оның 10-ы жұмысын аяқтап, 6-уы орталық қызметкерлерінің мониторинг жүргізу нәтижесінде мерзімінен бұрын босатылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 8 адам жолданып, 1-еуі орталық қызметкерлерінің мониторинг жүргізу нәтижесінде мерзімінен бұрын жұмысынан босатылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 615 адам жолданды, оның 62 адам жұмысын аяқтап, 5-уі тұрақты жұмысқа орналастырылды – деді орталық директоры Ғалымжан Телібаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: