Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сейсенбі, 16 тамыз, 20:28

Павлодарда 16 жастағы жасөспірім Ерке Есмаханға сезімін білдіріп, сақина тақты

18.07.2022

249

0

Павлодарда қала күніне арналған концертте ерекше оқиға орын алды. 16 жастағы жасөспірім әнші Ерке Есмаханға сезімін білдіріп, сақина тақты. Жас баланың көңілін қалдырғысы келмеген Ерке оның жүзігін қабыл алып, ұсынысына «иә» деп жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жас жігіт сахна алдына барып, Еркеге жүзік сыйлады. Әнші де көп кідірместен «иә» деп жауап берді. 

«Сен ойланып істедің ба? Онда сахнаның артына жүр. Алматыға кетеміз», – деді Ерке. Артынан жігіттің жасы 16-да екенін, әлі мектепте оқитынын білді. 

«Онда сенің мектеп бітіргеніңді күтемін», – деп қалжыңдады Ерке. 

Концертке жиналған қалың көрермен жігіттің батылдығына қайран қалса, желі қолданушылары көңілдерінің бір көтеріліп қалғанын атап өтті. 

https://www.instagram.com/p/CgH6BnuNUiS/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: