Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 21:20

Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

11.03.2024

333

0

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғы­мас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқ­таж жан­дарға көмек қолын созып, қайырым­дылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адам­зат­т­ың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан хал­қының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.

Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор ден­­саулық, амандық, толайым табыс тілей­мін!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: