Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Сенбі, 20 сәуiр, 13:16

Президент сайлауына әзірге кандидаттар жоқ – ОСК

26.09.2022

284

0

Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс президент сайлауына кандидаттардан өтінім түскен жоқ.

Кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталды.

«Осы күнге дейін әлі ешбір үміткер ұсынылған жоқ. Бірде-бір қоғамдық ұйымның республикалық деңгейдегі съезі өткен жоқ», – деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

ОСК отырысына қатысқан саяси партиялардың өкілдері сайлауға кандидат ұсыну үшін әзірге партиялардың съезі өтпегенін мәлімдеді. Осы аптада президиум отырыстары мен съезд күнін белгілеу жоспарланып отыр.

23 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауына кандидаттар ұсыну басталды. Науқан 19 күнге, яғни 11 қазан кешкі сағат алтыға дейін созылады.

Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Президенттікке үміткерге мынадай талаптар қойылады:
тумысынан Қазақстан азаматы болуы керек;
соңғы 15 жыл ел аумағында тұруы шарт;
жоғары білімі бар;
40 жасқа толған;
белсенді сайлау құқығына ие;
мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
мемлекеттік тілді еркін меңгеруге тиіс.
Сонымен қатар саяси додада бақ сынайтын кандидаттар 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті.

Sputnik Қазақстан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: