Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сейсенбі, 21 мамыр, 11:23

Қар тез еріп жатыр – су тасқыны салдарынан 8 автожол жабылды

05.04.2024

358

0

5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: