Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сейсенбі, 12 қараша, 17:16

Қарбыздың адам денсаулығына пайдасы мен зияны

01.08.2022

1364

0

Қарбыз — көпшілік жақсы көретін жазғы жидектердің бірі. Ол түрлі дәрумендерге бай және адам денсаулығына пайдалы. Бірақ кей жағдайда одан бас тартқан жөн. Оның басты артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталамыз.

Артықшылығы: қарбыз ас қорытуды жақсартады
Піскен қарбызды дәрігерлер бауыр және бүйрек аурулары бар адамдарға жеуді ұсынады. Гипертониясы (жоғары қан қысым) бар және жүрек жеткіліксіздігімен қиналатын адамдарға да қарбыз пайдалы. Себебі қарбыздың құрамында ас қорытуды жақсартуға ықпал ететін микроэлементтер бар.


Кемшілігі: қарбызда сахароза мөлшері көп
Қарбыз етінде 13%-ға дейін глюкоза, сахароза және фруктоза секілді жеңіл сіңетін қанттар бар. Қарбыздың калориясы (100 г қарбызда бар болғаны 38-40 калория) төмен болғанымен, оның құрамында қант көп. Сондықтан қант диабетімен қиналатын және артық салмақпен күресетін адамдарға одан бас тарту ұсынылады.

Артықшылығы: қарбызда бақыт гормоны бар
Қарбыз жеу шынымен де біздің көңіл күйімізге жағымды әсер етеді. Себебі оның етінде бақыт гормоны — серотониннің бөлінуіне ықпал ететін заттар бар. Ал оның құрамындағы магний мен түрлі антиоксиданттар күйзеліспен күресуге көмектеседі.
Кемшілігі: қарбызда қауіпті микробтар болуы мүмкін
Бұл жеміс жерде пісетіндіктен, содан соң стерильді емес дүкендерге тасымалданып, сол жерде сақталатындықтан оның бетіне ауру тудырғыш микробтардың жиналу қаупі бар. Әсіресе, қарбыз жарылып, микробтар оның ішіне кіріп кетсе, ол қауіпті. Бұл кезде ішек таяқшасын және басқа да жұқпаларды жұқтырып алуыңыз мүмкін. Сол үшін де зақымдалмаған тұтас қарбыз алған дұрыс. Оны үйге әкелген соң ағып тұрған судың астында жақсылап жуыңыз немесе суы бар ыдысқа бірнеше сағатқа салып қойыңыз.

Артықшылығы: қарбыз қабынуға қарсы қасиетке ие
Қарбыздың құрамында ликопин бар. Сондықтан ол қабынуға қарсы өнімдер қатарына жатады. Бұл зат түрлі қабыну процестерін бұғаттайды және ағзаға қауіп төндіретін бос радикалдарды бейтараптандырады. Сол үшін қарбызды артритпен қиналатын адамдарға жеу ұсынылады.
Кемшілігі: қарбызды шамадан тыс көп жеу қуықтың созылуын тудыруы мүмкін
Жүйелі түрде кіші дәретке бармау және қарбызды көп жеу қуықтың созылып кетуіне әкелуі мүмкін. Сол үшін жағымсыздық сезінумен қатар несеп-жыныстық жүйесі проблемасы пайда болуы мүмкін. Қарбызды шамадан тыс жеу іш кебуі мен үлкен дәрет проблемасын тудырады.

Артықшылығы: қарбызда А дәрумені бар
А дәрумені тері, тырнақ және шаш саулығы мен сұлулығын сақтауға қажет. Шамамен 100 г піскен қарбызда осы дәруменнің тәуліктік нормасының төрттен бір бөлігі бар. Сондай-ақ қарбызда коллаген мен эластин өңделуін арттыратын аскорбин қышқылы бар.  
Кемшілігі: қарбызда нитраттар болуы мүмкін
Ниеті нашар фермерлер қолданатын нитраттар жасушалық тыныс проблемаларына әкелуі мүмкін. Мысалы, көп нитрат тұтынатын балалар жиі ауырады, нашар ұйықтайды және ашушаң болып кетеді.

Артықшылығы: қарбызда бета-каротин бар және ол көруді қалыпта ұстауға көмектеседі
Қарбыз құрамындағы С дәрумені, бета-каротин және лютеин көруге жағымды әсер етеді. Олар көз шырыштысын құрғап кетуден, катаракта мен глаукома дамуынан қорғайды.
Кемшілігі: қарбыз аллергия беруі мүмкін
Кейде қарбыз гүлдері амброзиямен тозаңданады. Ал ол — ең аллергенді арамшөптердің бірі. Қарбызға аллергияның белгілерін ұсынамыз:

  • тіл мен еріннің ісіп кетуі;
  • тері мен мұрын қанатының қышуы;
  • қатты жөтел, түшкіру және мұрыннан су ағы;
  • құсу, диарея, жүрек айну, іш ауыруы.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: