Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 14 қазан, 00:58

Қариялар құрметке бөленді

01.10.2024

230

0

Ел мүддесін бәрінен биік қойып, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын көрсетіп, бір қауымға бас-көз бола білген ақсақал-аталарымыз бен ақжаулықты әжелеріміздің қашанда орны ерекше. Халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі – үлкенді сыйлап, оның сөзіне құлақ асу. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты салтанатты шара өтті.

– Ардақты ардагерлер, сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құт­тықтаймын! Аға буынның тәуелсіз мем­лекетіміздің қалыптасуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бір­­­лік пен татулықты, бейбітшілікті ны­­ғай­туға қосқан үлесі зор. Өскелең ұрпақ үшін сіздер адалдықтың, Отан­ға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске де­ген өшпес ерік-жігердің үлгісісіздер! Құрылғанына 85 жыл толып отырған ауданымыздың тарихында сіздердің еңбек жолдарыңыз, қосқан үлестеріңіз алтын әріппен жазылып, кейінгі ұр­пақ­қа жетіп отыр. Уақыт өтсе де ар­дақты ағалардың өнегелі де өрелі іс­тері ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бер­мек. Сіздер ауданның әлеуметтік-эко­номикалық, қоғамдық-саяси өміріне бел­сене араласып жүрсіздер. Ел­ді бір­лікке, ынтымаққа шақырып, қазіргі қо­ғамда алдымызда ақылшы болып жү­рулеріңіз біз үшін үлкен бақыт. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Ден­деріңізге саулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін, – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.
Қазыналы қарттарымызды мерейлі мерекесімен құттықтаған аудан әкімі бірқатар ардагерге құттықтау хатын табыстады.
Бүгінде ауданда 4 мыңға жуық ар­дагер бар. Олардың 79-ы бастауыш ұйым­дарында есепте тұрады. Аудан әкім­дігі тарапынан ардагерлер ұйымы мен ардагерлерге әркез қолдау көр­се­ті­­ліп келеді.
Мәселен, жыл сайын аудандық ар­дагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер спартакиадасы, ардагерлер арасында балық аулаудан жарыс, көр­кемөнерпаздар байқауы, түрлі мә­де­ни-спорттық шаралар өткізіліп, арда­гер­леріміз белсенді түрде қатысып келеді.
– Қазыналы қарттар – біздің бас­ты байлығымыз. Бұл мерекенің маңы­зы да, мағынасы да ерекше. Жыл сайын әсем күзбен қатар келетін бұл мерекенің күз айында тойлануы да тегін емес. Себебі барлық өнім күз айын­да жемісін береді. Ал қазыналы қарттар – халықтың, ұлттың жемісі. Сіздер жүріп өткен жол – жас ұрпаққа өнеге, ұлағат. Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймын, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев.
Ол шарада кент ар­да­гері Ос­пан Тәуекелұлы мен Аққұм ауыл­дық арда­герлер кеңесінің төра­ғасы Қо­сым Жүсіпбекұлына «Қызыл­орда об­лы­сының Құрметті ардагері» төс­белгі­сін табыс етсе, ауыл шаруа­шылығы сала­сының ардагері, шежі­реші Өміртай Ке­мелов, элеватор бас­тауыш ұйым ар­дагерлер кеңесінің төра­ғасы Ұлшара Са­лықбаеваға, және білім саласы бас­тауыш ардагерлер ұйы­­мының төрағасы Күл­дәрай Пірім­жанованы «Жалағаш ау­данының құр­метті ардагері» төс­белгісі­мен мара­­пат­та­ды.
Болашақ­тың даң­ғыл жолын да­яр­лап, кейінгіге берер тәлім-тағылымдары мол қазыналы қарттарымызға арнал­ған ша­ра соңы аудан өнерпаздары­­ның концерт­тік бағдарламасына ұлас­­ты. Өскелең ұрпақ­қа бағдаршам болғ­ан қазыналы қарттары­мыз аман болсын!

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: