Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сенбі, 02 қараша, 06:30

Қасиетті «Құрбан айт » мерекесі қарсаңында тамақтан уланудың алдын алу

14.06.2024

824

0

Қасиетті «Құрбан айт » мерекесі қарсаңында  мал  сату, сою бекеттерінде және  мұсылман қауымының басы қосылып үй жағдайында, мешіттерде немесе, қоғамдық тамақтану орындарында «құдайы тамақ» беру ұйымдастырылатын кезең. Осындай іс-шаралар өткізу барысында  аса қауіпті жұқпалы аурулардың , жаппай тамақтан уланудың  және жедел ішек инфекцияларының  алдын алу мақсатында Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы төмендегі талаптарды сақтауды ұсынады:

Мал сату, сою бекеттерінде:
           –  құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою арнайы орындарда және әрбір жануарлардың тиісті ветеринарлық құжаттары (ветеринарлық  паспорт, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асырылуы тиіс;

  • Мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы (ауыз су, лас су жүйелерінің болуы, ) мал сою барысында шыққан қалдықтардың  уақытылы залалсыздандырылып шығарылуы керек;
  • Қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі және медициналық кітапшаларының болуы, жеке басы гигиенасын сақтауы қажет.

Үй жағдайында:

  • Қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;
  • Тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыру;
  • Шикізат пен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куаландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуы;
  • Үй жағдайында дайындалған  консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б) өнімдерін пайдаланар  алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
  • Ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар , сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану, сақтау талабы бұзылғанда , келесі күні пайдаланбау;
  • Терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы болған жағдайда тамақ әзірлеуге қатыспау керек.

Қоғамдық тамақтану нысандары мен мешіттерде:

  • Түрлі жұқралы індеттердің, топтасқан тамақтану уланудың алдын алу мақсатында , ауыз су, ыстық су, лас су жүйелерімен ,  келушілер мен персоналдарға арналған раковиналар, қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен  және құралдарымен жарақталуы;
  • Желдету және ауа баптау  жүйелерінің көзделуі;
  • Қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік (тағамдық) шикізатының , тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың  әрбір партиясының  қабылдау, сақтау, тасымалдауын қадағалау және  қауіпсіздігін куаландыратын тауардың ілеспе құжаттары бар орындардан сатып алынуы ;
  • үй жағдайында дайындалған  консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б) өнімдерін қоғамдық тамақтану орындарында, мешіттерде пайдаланбау;
  • тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуі, олардың тоңазытқышта сақталуы;
  • азық-түлік  (тамақ) шикізаты мен дайын тамақ өнімдерін  (ет, құс еті, балық, көкөністер, аскөк, ет, сүт өнімдерін, нан және нан тоқаш бұйымдары, кондитерлік бұйымдар) бөлшектеу үшін  өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес әріпті және (немесе) түрлі-түсті таңбалауды пайдаланып таңбаланған жеке бөлшектеу мүкаммалдарды (бөлшектеу тақтайшалары, пышақтар)  мақсаты бойынша пайдалану;
  • жабдықты пайдалану ,  жуу және дезинфекциялауды оларды пайдалану, жуу және дезинфекциялау жөніндегі  өндіруші нұсқаулығына сәйкес жүзеге асыру ;
  • тамақ қалдықтарын жинауға арналған  жарамды жағдайдағы бөлек контейнерлер (жабылатын сыйымдылықтар) оларды тазалауды, жууды және жануарлардың кіруінен қорғауды қамтамасыз ететін қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған шаруашылық алаңының көзделуін;
  • персоналдың арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі мен жеке басы гигиенасын сақтау жағдайының болуы;
  • медициналық тексеріп қараудан, гүигиеналық оқытудан өткендігі туралы белгісі және жұмысқа  рұқсаты бар әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының жұмыс орнында сақталуы;
  • терінің  іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмеу керектігін ұсына келе, жоғарыда аталған санитариялық –эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда халық арасында улану, аса қауіпті, өткір ішек жұқпалы аурулар жағдайларының  тіркелуіне  себепкер болатынын еске саламыз.

Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
 бақылау басқармасының басшысы             Г.С.Айымбетова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: