Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сейсенбі, 23 сәуiр, 15:11

Қатты желдің әсерінен Жалағаш ауданындағы бірнеше ғимаратқа зақым келді

07.07.2022

406

0

6 шілде күні болған қатты желдің әсерінен Жалағаш ауданындағы бірнеше ғимаратқа зақым келді.

Табиғи оқиға салдарынан көппәтерлі 2 тұрғын үйдің шатыры ұшып, сол жердегі 2 көлікке құлаған. Сондай-ақ, жақын маңда орналасқан электр бағаналары да үзілген. Қазіргі таңда шығын көлемі есептелуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Нұрбол Исанов хабарлады.

«Қатты желдің салдарынан тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени нысандардың шатыры ұшып, коммуналдық қызметтердің жұмысы уақытша тоқтап қалды. Дегенмен оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Үзілген электр желілері қайта қалпына келтіріліп, коммуналдық қызметтердің жұмысы жалғасуда», – деді Нұрбол Исанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: