Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Жұма, 26 сәуiр, 07:20

Қазанда Республика күніне орай демалыс күндері ауыстырылады

28.09.2022

341

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың қазанында мейрамға байланысты демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы әзірледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаулыға сәйкес демалыс күні 22 қазаннан (сенбі) 24 қазанға (дүйсенбі) ауыстырылады. 

Еңбек министрлігінің мәліметінше, биыл «Қазақстан Республикасындағы мерекелер» туралы заңға өзгеріс енгізу жоспарланған. Оған сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып бекітіледі. Ол күн сейсенбіге түскен.

Осыған орай мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндерін ауыстыру жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Сенат депутаттары 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгілеу туралы өзгерістерді мақұлдаған еді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: