Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қанша ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Қазақстан азаматтығын алу үшін бар болғаны 68 өтініш түсті. Азаматтық алудың белгілі бір тәртібі бар, олар сол арқылы өтеді», – деді Ахметжанов.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі адамдарды деструктив топтарға қатысы барын тексере ме деген сұраққа жауап берді.
«Әрине, барлығы бақылауда. Егер мұндай жағдайлар болса, әрине, тиісті шаралар қолданылады», – деп жауап берді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!