Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:38

Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдері қымбаттауы мүмкін?

28.08.2023

436

0

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда қандай азық-түлік қымбаттауы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде журналистер Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабековтен Қазақстанда қандай азық-түлік қымбаттауы мүмкін екенін сұрады.

«Жалпы, күріштен аздап қиыншылықтар болуы мүмкін, бірақ оны ешкім айта алмайды. Бұған сыртқы нарық қатты әсер етеді. Мысалы, Үндістан буға пісірілген күрішке тыйым салды немесе Қытайда су тасқыны салдарынан, күріш өндіретін кейбір аумақтар су астында қалды. Сыртқы нарық Қазақстан нарығына қатты әсер етеді. Сондықтан Қызылордада барлық өңірлік ӘКК және әкімдіктермен күріш бойынша жәрмеңкелер ұйымдастырып, келісімшарт жасадық. «Азық – түлік корпорациясы» АҚ күріш бойынша үлкен келісімшарт жасап, резервте болуы үшін сатып алуға қомақты қаржы бөлді», – деп түсіндірді Әбілдабеков.

Сауда комитеті төрағасының айтуынша, Қазақстан өз өнімі есебінен де, импорт есебінен де қажетті өніммен қамтамасыз етіледі.

«Басқа өнімдердің де бағасы айтарлықтай қымбаттайды деп айта алмаймын. Нарық әрқашан «ойнап» тұрады. Біз фермердің қызметіне араласып, оны арзанырақ сатуға мәжбүрлей алмаймыз», – деп қосты шенеунік.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: