Қазақстанда сүзгісі бар, сүзгісі жоқ сигареттерге, папиростарға белгіленген ең төменгі бөлшек сауда бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2024 жылдың соңына дейін сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 сигаретке, папиросқа, сигариллаға және электронды темекілерге ең төменгі сауда бағасын 820 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылды. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бағаны 870 теңгеге дейін белгілеу көзделеді.
Тиісті бұйрық жобасы 10 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады.
фото: inbusiness.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!